Жетістіктеріміз » Страница 6 » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
13
январь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі"
Республикалық деңгейде үздік нәтиже көрсеткен "Педагогикалық идеялар фестивалі", мектебіміздің ұстазы физика пәнінің мұғалімі Кенжетай Бекенқызының, табысты еңбек жолындағы айшықты, кәсібилігі мен шығармашылығының тағы бір жемісті нәтижесі болды.  
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсына мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Нуртазина Кенжетай Бекенқызы қатысты
11
январь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсына
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 10-11 қаңтарда Алматы қаласында өткен "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсына мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Нуртазина Кенжетай Бекенқызы қатысып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» орталығының II дәрежелі дипломымен марапатталды. Инновациялық тәжірибесін таратып, жүлделі орынға ие болған, мектебіміздің мақтанышы, шебер ұстазымызды жеңісімен
"Ауыл мектебі - сапа алаңы" атты педагогтермен кездесу
26
декабрь
2024
"Ауыл мектебі - сапа алаңы" атты педагогтермен кездесу
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ. Бейсембаевтың "Ауыл мектебі - сапа алаңы" атты педагогтермен кездесуіне мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, Шебер ұстаз Жукеева Гульмира Дулатбековна қатысып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай қызмет етіп жүрген әріптесімізді марапатымен құттықтаймыз!
«Aula fit» жобасы аясындағы спорттық шара
24
декабрь
2024
«Aula fit» жобасы аясындағы спорттық шара
«Aula fit» жобасы аясындағы спорттық шара №21 орта мектебінің спорт алаңында өтті. Аталмыш спорттық шараның 97-ші шарасы өтіп, «Тоғызқұмалақ» спорт түрі қамтылса, енді ұлттық спорт түрлерінде түрлі сайыстар да ерекше өтуде. Марапатталған оқушыларды құттықтаймыз, әрқашан тек биік шындардан көріне берсің! 
Үндістан астанасы Нью - Дели қаласында өткен UCMAS халықаралық ментальді арифметика олимпиадасының жүлдегері
20
декабрь
2024
Үндістан астанасы Нью - Дели қаласында өткен UCMAS халықаралық
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл, Үндістан астанасы Нью - Дели қаласында өткен UCMAS халықаралық ментальді арифметика олимпиадасының жүлдегері атанған мектебіміздің 6 “А” оқушысы Болат Сымбатты халықаралық деңгейде үлкен нәтиже көрсетіп, еліміздің атын асқақтатқаны үшін алғысын білдіріп марапаттады.  
Талантты оқушымызды үлкен жетістігімен құттықтаймыз!
17
декабрь
2024
Талантты оқушымызды үлкен жетістігімен құттықтаймыз!
Үндістан елінде өткен халықаралық менталды арифметика байқауына мектебіміздің 6”А”сынып оқушысы Болат Сымбат қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді. Талантты оқушымызды үлкен жетістігімен құттықтаймыз!
"Мектептегі зайырлық қағидаттары" тақырыбында мұғалімдер арасында ашық диспут өтті.
10
декабрь
2024
"Мектептегі зайырлық қағидаттары" тақырыбында мұғалімдер арасында
"Жетісу облысының дін істері басқармасы" ММ және "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы"ММ ұйымдастырған "Мектептегі зайырлық қағидаттары" тақырыбында мұғалімдер арасында ашық диспут өтті. 🔹Мектебіміздің тарих және дінтану пәндерінің мұғалімі Кожабекова Асель Балтабекқызы қатысып жүлделі ІІ орынмен және Алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз!!!  
«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті
02
ноябрь
2024
«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті
Бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған математика пәнінен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Іс-шараға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Кульчикова Асия Бахытжановна І дәрежелі дипломмен марапатталып облысқа жолдама алды. Тен Людмила Борисовна ІІ дәрежелі, Дадочкина Екатерина Викторовна ІІІ дәрежелі, Кожамжарова Айым Сергеевна ІІІ дәрежелі, Саудабекова Айдана Сабитовна ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оқушыларды тәрбиелеу жолында талмай еңбек
«Үздік педагог - психолог - 2024» қалалық байқауы өтті
22
октябрь
2024
«Үздік педагог - психолог - 2024» қалалық байқауы өтті
" Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Үздік педагог - психолог - 2024» қалалық байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің психолог маманы Раисова Гүлден Максутқызы қатысып жүлделі ІІ орынды иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды. Адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыс атқарып жүрген Гүлден Максутқызын марапатымен құттықтаймыз! 
Ұстаздарымыз  “Еңбек адамы” төсбелгісімен марапатталды
14
октябрь
2024
Ұстаздарымыз “Еңбек адамы” төсбелгісімен марапатталды
Еңбек жолында көптеген биік белестерді бағындырып, талмай ізденіс етудің арқасында талай жетістіктерге жете білген ардагер ұстаздарымыз  “Еңбек адамы” төсбелгісімен марапатталып, мектеп ұжымын қуанышқа бөледі. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!