22
октябрь
2024
«Үздік педагог - психолог - 2024» қалалық байқауы өтті
" Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Үздік педагог - психолог - 2024» қалалық байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің психолог маманы Раисова Гүлден Максутқызы қатысып жүлделі ІІ орынды иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды. Адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыс атқарып жүрген Гүлден Максутқызын марапатымен құттықтаймыз!