«Халықтар достығы – ұлт байлығы» » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халықтар достығы – ұлт байлығы»
29
апрель
2026

«Халықтар достығы – ұлт байлығы»

«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясында 1 мамыр – Бірлік күніне орай «Халықтар достығы – ұлт байлығы» тақырыбында 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан халқының бірлігі мен татулығының маңызын түсіндіру, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, достық пен сыйластық құндылықтарын насихаттау болды.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттар туралы мәліметтермен танысып, олардың салт-дәстүрлері, ұлттық киімдері мен тағамдары жайлы қызықты ақпараттар алды. Сонымен қатар оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, өз ойларын ортаға салды. Кейбір сыныптарда шағын көріністер қойылып, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтың маңызы көрсетілді.