«Заң және тәртіп» » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2026

«Заң және тәртіп»

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықбұзушылықтың, нашақорлық пен есірткінің алдын алу бойынша айлық жоспарына сәйкес 10 сыныптар арасында «Мен салауатты өмірді таңдаймын!» тақырыбында, 5-9 сыныптар арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсінігін қалыптастыру, зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін кері әсерін ұғындыру, заң талаптарын сақтауға тәрбиелеу және жасөспірімдердің жеке жауапкершілігін арттыру болды.
Эссе жазу барысында оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, рухани және физикалық саулық, сондай-ақ нашақорлық пен есірткінің қоғамға тигізетін зияны туралы өз ойларын жүйелі әрі дәлелді түрде жеткізді. Жұмыстар мазмұны, ойдың нақтылығы, тіл мәдениеті және тәрбиелік мәні бойынша бағаланды.
Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өз көзқарастарын ашық білдіре алды. Байқау нәтижесінде үздік эсселер анықталып, марапатталды.