Жетістіктеріміз » Страница 2 » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл"
04
апрель
2022
"Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл"
2022 жылдың 30.03-01.04 аралығында Алматы қаласы ITF одағының таэквандодан Бірыңғай турнирі "Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл" атты ұлдар және қыздар арасында Алматы қаласында ашық біріншілігіне өтті. Осы турнирде мектебіміздің оқушылары, әпкелі-сіңілі Алибаевалар жүлделі орындарға ие болды. 3 "Ғ" сынып оқушысы Алибаева Алия "28 кг салмақтары қыздар арасында" - 2 орын. 1 "Ә" сынып оқушысы Алибаева Амина "25 кг салмақтағы қыздар арасында" - 2 орын. #gorono_tdk
"Педагогикалық тандем жәрмеңкесі"
31
март
2022
"Педагогикалық тандем жәрмеңкесі"
Мектебіміздің информатика пәні мұғалімдері тәлімгері: Оразгалиева Арай Дюсенбековна және жас маманымыз: Бірлікбаева Таншолпан Ермұханбетқызы "Педагогикалық тандем жәрмеңкесіне" қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз! Жұмыстарыңызға тек қана шығармашылық табыс тілейміз!!!🎉🎉🎉 #gorono_tdk
І орын иегері
17
март
2022
І орын иегері
2006-2007 жылғы жасөспірімдер қыздар арасындағы Алматы облысы чемпионатынан І орынға ие болған мектебіміздің 10 "а" сынып оқушысы Серікбай Айару . Бағындырар белестерін көп болсын! #gorono_tdk
Шетел тілі пәні мұғалімдерне арналған  «Үздік шетел тілі сабағы»  қалалық байқауы
14
март
2022
Шетел тілі пәні мұғалімдерне арналған «Үздік шетел тілі сабағы»
Таттимбетова Гулим Муратовна, ағылшын тілі мұғалімі. Шетел тілі пәні мұғалімдерне арналған «Үздік шетел тілі сабағы» атты қалалық байқауға қатысып жүлделі 2 орынды иеленді. Бейнесабақ       Телеэссе
"Үздік ІТ құрастырушы"
10
март
2022
"Үздік ІТ құрастырушы"
"Бағдарламалық қамтамасыз ету" кафедрасының онкүндігіне орай, "Үздік ІТ құрастырушы" атты қалалық орта мектептер арасындағы жарыста І орын иелендік.
ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
15
май
2026
ҚАЛАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
🔰 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2–4 сынып оқушылары арасында өткен қалалық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды. ✅ Білім бәйгесінде топ жарған дарындарымызды құттықтаймыз! ✅ Жас жеңімпаздарға жаңа белестер мен үлкен жетістіктер тілейміз!
ЭФИРДЕН КӨРІНГЕН ЖАС ЖҰЛДЫЗ
28
апрель
2026
ЭФИРДЕН КӨРІНГЕН ЖАС ЖҰЛДЫЗ
Мектебіміздің 4-сынып оқушысы Қасымхан Альнияз «Сәлем, әлем!» телеарнасындағы «Мен елімнің ертеңі» бағдарламасына қатысып, білімге құштар ұрпақтың жарқын үлгісін көрсетті. Жас болса да арманы биік, мақсаты айқын дарынды оқушымыз өз еңбегімен, ізденісімен үлгі болып келеді. Осындай талапты шәкірт тәрбиелеп отырған жетекшісі, Ибрайханова Мақпал Валерианқызына алғыс айтамыз. Дарынды оқушымызға биік белестер мен үлкен жеңістер тілейміз! Біз сенімен мақтанамыз, Альнияз!  
«Балалар кітапханасы» жобасы
24
апрель
2026
«Балалар кітапханасы» жобасы
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ұлттық кітап» күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында ұйымдастырылған онкүндік іс-шаралар аясында №21,22,23,30 мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Ғажайыпқа толы сырлы әлем» тақырыбында ұлағатты ұстаз, қаламгер, ертегіші Жұмабала Балақарановамен кездесу кеші өтті. Кеш мақсаты Жұмабала Балақаранова апайдың шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларды ертегілер арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуды насихаттау .
"ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖЕҢІСІ"
22
апрель
2026
"ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖЕҢІСІ"
Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде мектебіміздің 5-сынып оқушысы Нүсіпжан Ясин ІІ орын иеленді. Жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі Мұратов Қуат Мұратұлы. Дарынды оқушымызға алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз! Жарайсың Ясин!