02
ноябрь
2024
«Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математика пәнінен «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Іс-шараға мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Кульчикова Асия Бахытжановна І дәрежелі дипломмен марапатталып облысқа жолдама алды. Тен Людмила Борисовна ІІ дәрежелі, Дадочкина Екатерина Викторовна ІІІ дәрежелі, Кожамжарова Айым Сергеевна ІІІ дәрежелі, Саудабекова Айдана Сабитовна ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Оқушыларды тәрбиелеу жолында талмай еңбек етіп, өз білімдерін де шыңдап жүрген ұстаздарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!



