Әдістемелік жұмыстар » Страница 7 » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Педагогикалық кеңес" өткізілді
31
октябрь
2024
"Педагогикалық кеңес" өткізілді
2024 жылдың 31- қазан күні мектебімізде "Педагогикалық кеңес" өткізілді. Кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
«Үздік педагог - психолог - 2024» қалалық байқауы өтті
22
октябрь
2024
«Үздік педагог - психолог - 2024» қалалық байқауы өтті
" Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Үздік педагог - психолог - 2024» қалалық байқауы өтті. Байқауға мектебіміздің психолог маманы Раисова Гүлден Максутқызы қатысып жүлделі ІІ орынды иеленіп, Құрмет грамотасымен марапатталды. Адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыс атқарып жүрген Гүлден Максутқызын марапатымен құттықтаймыз! 
"Салауатты өмір салты, денсаулық кепілі" тақырыбында дене тәрбиесі және АӘД пәндер бірлестігінің апталығы басталды.
30
сентябрь
2024
"Салауатты өмір салты, денсаулық кепілі" тақырыбында дене тәрбиесі
Адам өміріндегі ең маңызды құндылық – денсаулық. "Салауатты өмір салты, денсаулық кепілі" тақырыбында дене тәрбиесі және АӘД пәндер бірлестігінің апталығы басталды. Апталықтың басты мақсаты: Оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығын арттыру. Спортқа ынталандырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бос уақыттарын тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту.
«Дарын»
20
сентябрь
2024
«Дарын»
«Дарын»  РҒПО ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 2-4 сынып оқушылары арасында Республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің жабылуы салтанатты түрде өтті. Мектеп директоры Е.Г. Баймырзаев жүлделі орын алған оқушыларды марапаттады. 18 оқушыны қалалық кезеңге жолдама алды.   
"Дарынды  шәкірт - білікті ұстаздан!"
19
сентябрь
2024
"Дарынды шәкірт - білікті ұстаздан!"
Махамбеттің ұлтына ұран болған, рухы биік туындыларын насихаттау, дарынды оқушыларды анықтау, қолдау мақсатында қалалық "Махамбет оқулары" байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың "Ұлы арман" бағыты бойынша 11 "Ә" сынып оқушысы  Сабаз Аяулым жүлделі І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. "Тартынбай сөйлер асылмын" бағытындағы байқаудың  жүлделі ІІІ орнын 11 "Ә" сынып оқушысы Жапархан Аяулым жеңіп алды. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калматаева Рахима Сейдахметқызы. 
"Жаңашыл жетекші - 2024"
18
сентябрь
2024
"Жаңашыл жетекші - 2024"
2024жылы 17 қыркүйек күні өткен "Үздік сынып жетекші-2024" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің тәжірибелі, білікті ұстазы, 8 "В" сынып жетекшісі Муратова Нағима Мұратқызы қатысып, "Жаңашыл жетекші" номинациясымен марапатталды. Ізденісі мен шығармашылық қызметін шебер көрсете білген ұстазымызға мектеп директоры Ердос Ғайниұлы: "Өскелең  ұрпақты  тәрбиелеудегі ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын" деп тілегін білдірді. 
"DARYN" мектепішілік пән олимпиада
11
сентябрь
2024
"DARYN" мектепішілік пән олимпиада
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру. Оқушылар білім бәйгесінде жалпы білім беру бағдарламалары негізінде қазақ тілі мен әдебиеттік оқу, руский язык и литературное чтение, математика және жаратылыстану, естествознание пәндерінен тапсырмалар орындайды.
Состоялся первый семинар «Молодых специалистов» школы
10
сентябрь
2024
Состоялся первый семинар «Молодых специалистов» школы
Состоялся первый семинар «Молодых специалистов» школы на тему «Хозяин светлого будущего – современный молодой специалист».  Во время семинара: 1. Знакомство с новым коллективом школы «Молодой специалист», обсуждение годового плана. 2. Была введена нормативно-правовая база.  3. Проведена разъяснительная работа по хранению школьных документов. 4. Школьный психолог Г. М. Раисова провела тренинг по формированию психологического климата среди молодых специалистов.
Қазақстан халқы тілдер күніне орай мерекелік іс-шараның ашылуы.
05
сентябрь
2024
Қазақстан халқы тілдер күніне орай мерекелік іс-шараның ашылуы.
5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күніне орай “Ахмет Байтұрсынұлы-Тәуелсіздік жаршысы” атты мерекелік іс - шараның ашылу салтанаты өтті. Мақсаты, ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз  қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
ЖАЛПЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ КҮНІ.
05
сентябрь
2024
ЖАЛПЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ КҮНІ.
ЖАЛПЫҚАЗАҚСТАНДЫҚ АШЫҚ ДИКТАНТ КҮНІ.  Жалпықазақстандық диктант оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін нығайтуға және қоғамда ана тілінің құндылығын дәріптеуге бағытталған. Биылғы жылы диктант тақырыбы: «Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға» болды. Диктант жазуға 10 - 11 сынып оқушыларынан 125 оқушы қатысты.