Іс-шаралар » Страница 19 » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ауыл" олимпиадасында жүлдегер атанған дарынды оқушыларымыз
30
январь
2025
"Ауыл" олимпиадасында жүлдегер атанған дарынды оқушыларымыз
2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасында, "Ауыл" олимпиадасында жүлдегер атанған дарынды оқушыларымызды, олардың ата - аналары мен жетекшілерін құттықтаймыз! 🎯Оқушыларымыздың білім додасында алар асулары биік болсын деп тілейміз!  
"Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!"
30
январь
2025
"Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!"
Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет!" шарасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада, "Ғылыми жоба" , "Зерде", "Ауыл" олимпиадасы конкурстарының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Қалалық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымызды құттықтаймыз! 
Ақыл - ой спортында бақ сынаған оқушымыз!
27
январь
2025
Ақыл - ой спортында бақ сынаған оқушымыз!
Алматы қаласында шахматтан өткен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына мектебіміздің 2"А"сынып оқушысы Қоблан Арсен қатысты. Ақыл - ой спортында бақ сынаған оқушымызға жеңістер мен сәттілік тілейміз!Жарайсың, Арсен!  
"Нашақорлық үлкен қасірет "Таза сурет байқауы өтті.
15
январь
2025
"Нашақорлық үлкен қасірет "Таза сурет байқауы өтті.
"Нашақорлық үлкен қасірет "Таза сурет байқауы өтті. Оқушылар Өтенай ауыл әкімі марапатына ие болды.
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында  пікіралмасу,дөңгелек үстел өтті
15
январь
2025
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында пікіралмасу,дөңгелек
Құқық негіздері пәнінің мұғалімі, "Адал ұрпақ" ұйымының жетекшісі Р.Қ.Жұманов өзін-өзі басқару ұйымымен,оқушылармен"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында  пікіралмасу,дөңгелек үстел өткізді.
Ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтті
24
декабрь
2024
Ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа
Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтіп, онда аудан-қалалардан келген 200 баланы облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады. Президент шырша мерекесіне 21 орта мектеп оқушылары қатысты.  «Жастар» Спорт сарайында өткен мерекелік шараға көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларынан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар, оқу озаттары, өнерлі өрендер келді.  Мерекелік шара флешмоб биімен басталды. Мұнан соң
“Қош келдің Жаңа 2025 жыл" жасыл шырша мерекесі өтті.
24
декабрь
2024
“Қош келдің Жаңа 2025 жыл" жасыл шырша мерекесі өтті.
3-4-5-6 сыныптарға жасыл шырша мерекесі өтті.  Жаңа жыл құтты болсын! Осынау мерекеде жұмысыңызға табыс, жүрекке тыныштық, мықты денсаулық, дастарханыңыздың молшылықта болуын тілейміз. Бұл жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын тілейміз!
«Aula fit» жобасы аясындағы спорттық шара
24
декабрь
2024
«Aula fit» жобасы аясындағы спорттық шара
«Aula fit» жобасы аясындағы спорттық шара №21 орта мектебінің спорт алаңында өтті. Аталмыш спорттық шараның 97-ші шарасы өтіп, «Тоғызқұмалақ» спорт түрі қамтылса, енді ұлттық спорт түрлерінде түрлі сайыстар да ерекше өтуде. Марапатталған оқушыларды құттықтаймыз, әрқашан тек биік шындардан көріне берсің! 
27 қараша күні бракераждық комиссия мүшесі, ата -ана Садвакасова С. мектеп асханасына бақылау жүргізді
27
ноябрь
2024
27 қараша күні бракераждық комиссия мүшесі, ата -ана Садвакасова С.
27 қараша күні бракераждық комиссия мүшесі, ата -ана Садвакасова С. мектеп асханасына бақылау жүргізді. Тегін тамақтанатын балаларға ұсынылатын тағамдар нормаға сай, бекітілген ас мәзірі бойынша дайындалған. Тағамның граммдық калькуляциясы дұрыс. Тамақтану орны, азық-түлік сақтайтын қоймалардың тазалығы талапқа сай. Санитарлық нормалар сақталған.