Ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтті » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтті
24
декабрь
2024

Ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтті

Бүгін Талдықорғанда ел Президентінің балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты Жаңа жыл шыршасы өтіп, онда аудан-қалалардан келген 200 баланы облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады. Президент шырша мерекесіне 21 орта мектеп оқушылары қатысты.

 «Жастар» Спорт сарайында өткен мерекелік шараға көп балалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларынан шыққан балалар, жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балалар, оқу озаттары, өнерлі өрендер келді.

 Мерекелік шара флешмоб биімен басталды. Мұнан соң экранда ел Президентінің фотосы мен балаларды Жаңа жылмен құттықтауы көрсетілді.

 Бұдан әрі шырша шамы жағылып, облыс әкімі балалармен бірге шыршаны айналып, қуаныштарын бөлісті. Балаларға Президенттің атынан Жаңа жылдық сыйлықтар, атап айтқанда планшет, рюкзак, жаңа жылдық тәттілер, құттықтау хатын тапсырды.

 Түрлі өнер ұжымдары, аниматорлар, колундар, ертегілер мен мультфильмдер кейіпкерлері мерекелік қойылымдарын көрсетті. Балаларға түрлі ойындар ұйымдастырылып, тәтті дәмдер ұсынылды.