Оқушыларға » Страница 10 » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушыларымыздың өнері бағаланды!
04
декабрь
2025
Оқушыларымыздың өнері бағаланды!
🔰Оқушыларымыздың өнері бағаланды! 9 «Ә» сынып оқушылары Ахан Айзере мен Мұхтарқызы Әдемі халықтық Қуыршақ театрының 65 жылдық мерейтойына орай Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы Бәзілдің Алғыс хатымен марапатталды. ✅Алдағы уақытта да талмай еңбектеніп, биік белестерді бағындыруларыңа тілектеспіз!  
🔰Жас математиктер - біздің мақтаныш!
04
декабрь
2025
🔰Жас математиктер - біздің мақтаныш!
🔰Жас математиктер - біздің мақтаныш! 5–6 сынып оқушыларымыз Республикалық «Алтын Сақа» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды! 📚Білімге деген талпынысы мен еңбегін дәлелдеген жас зияткерлерімізді құттықтаймыз! 🏆Облыстық кезеңге жолдама алған талапты оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Бүгінгі күннің ас мәзірі:
04
декабрь
2025
Бүгінгі күннің ас мәзірі:
Бүгін біздің асханамызда оқушыларға пайдалы және қоректі тағамдар ұсынылды: 🍞 Бидай наны – күні бойы күш пен энергия береді. 🍎 Алма – табиғи дәрумен көзі. 🍋🥤 Лимон-алма сусыны – сергітеді 🐟 Балық биточкелері – омега 3 🥔 Картоп пюресі – жұмсақ әрі тоқтық сыйлайтын жеңіл гарнир Дұрыс тамақтанған бала – белсенді болашақ💪😇🤗  
Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде топ жарып, облысқа жолдама алған 9-сынып оқушысы Советханова Аминаны құттықтаймыз!
03
декабрь
2025
Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауының қалалық
🔰Советханова Амина – қалалық кезеңнің жеңімпазы! ✅Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде топ жарып, облысқа жолдама алған 9-сынып оқушысы Советханова Аминаны құттықтаймыз! Бұл — Аминаның талпынысы мен еңбегінің жемісі, шығармашылыққа деген ынтасының айқын дәлелі. ✅Оқушының талантын шыңдап, бағыт-бағдар берген пән мұғалімі Конкабаева Алмагүл Мухаметалиевнаға алғыс білдіреміз. 🏆Аминаға облыстық кезеңде зор шабыт, сенім және жаңа жеңістер тілейміз!
«Алтын сақа» байқауының қалалық кезеңі
02
декабрь
2025
«Алтын сақа» байқауының қалалық кезеңі
🔰«Алтын сақа» байқауының қалалық кезеңінде бастауыш сыныптың 3–4 сынып оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, марапатталды. Бұл жеңіс – оқушыларымыздың еңбегімен қатар, ата-аналардың қолдауы мен мектептің бірлескен еңбегінің жемісі. Жас жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Облыстық кезеңге жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз! ✅Бүгінгі жетістік – ертеңгі үлкен мүмкіндіктердің бастауы!
“Zhuldyz Art Kazakhstan” байқауы
29
ноябрь
2025
“Zhuldyz Art Kazakhstan” байқауы
🔰Дарындыларымыз үлкен сахнада. “Zhuldyz Art Kazakhstan” байқауында “Актерлік шеберлік” номинациясынан Бас жүлде алып, шетелде өтетін халықаралық байқауға тегін жолдама жеңіп алды! 🏆Бұл — мектебіміздің 6-сынып оқушыларынан құралған “Бауырсақ” ертегісін жаңа форматта сахналаған “Дарын” тобының еңбегі! Олардың әр қимылы, әр сөзінің артында – үлкен еңбек, талмай іздену, нағыз шығармашылық жатыр. ✅ Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жапсарбаева Айым Ержанқызы Оқушылардың талантын ашып, әр
Өрт кезіндегі эвакуация жаттығулары өткізілді
28
ноябрь
2025
Өрт кезіндегі эвакуация жаттығулары өткізілді
Жетісу облысы Прокуратурасы, Полиция департаментінің, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және жұмысын қамтуды үйлестіру, Қоғамдық даму басқармасымен бірлесіп бекітілген жоспарға сәйкес, мектепішілік 22.09.2025ж. №257/1 бұйрығы негізінде өрт кезіндегі эвакуация жаттығулары өткізілді. Жаттығуға 1-11 сынып оқушылары, ұжым мүшелері және кіші қызметкерлер қатысып, өрт кезіндегі қауіпсіз жерге шығарылды.
Халықаралық Абай оқулары
20
ноябрь
2025
Халықаралық Абай оқулары
Құттықтаймыз!   16 қараша 2025ж. Алматы қаласында өткен Халықаралық Абай оқулары байқауында 4 "Ә" сынып оқушысы Асхат Ералы ІІІ орын иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.   Жетістігің құтты болсын, Ералы! Алда әлі талай биіктер күтіп тұр! 🌟👏   #Абайоқулары #Жеңіс  #Мақтанышымыз
Мектепішілік пән олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды!
17
ноябрь
2025
Мектепішілік пән олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды!
Мектепішілік пән олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды! Мектебіміздің 2, 3, 4, 5 және 6 сыныптың дарынды оқушылары пәндік олимпиадаларда жақсы нәтиже көрсетіп, білімдерін дәлелдеді. ✅Жарайсыңдар! Қадамдарың үлкен жеңіске бастасын!
«Дарынды 1000 бала» байқауының І орын жүлдегері.
12
ноябрь
2025
«Дарынды 1000 бала» байқауының І орын жүлдегері.
Талантты оқушыларымыздың жетістіктері. Мұрат Айзере 7 “Б” сынып оқушысы – «Дарынды 1000 бала» байқауының І орын жүлдегері. Есболатқызы Айша, 7 “Б” сынып оқушысы – «Үздік ғылыми жоба авторы» байқауының І орын жүлдегері. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Шәкірттерімізге жаңа биіктерді бағындырып, ғылым мен білім жолында шабыт тілейміз! Жетекшісі: Абимұқамет Мәрмәр, қазақ тілі мен әдебиеті пәні.