Ата аналар жиналысы » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
май
2022

Ата аналар жиналысы

"Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп" КММ-нің жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысының №5 хаттамасы
Оффлайн форматта ұйымдастырылды.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау туралы;
2. "Жазғы мектеп" жұмысын ұйымдастыру
3. Жазғы демалыс кезіндегі бала өмір қауіпсіздігі
4. "Соңғы қоңырау", "Мектеп бітіру кешін" өткізу туралы
5. Ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрықпен таныстыру
Тыңдалды: Мектеп директоры К.У.Маликова
Ата-аналарды «Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылы 5 мамыр №139 бн/қ шығыс хатының негізінде мектепте ақша жинау жағдайларын болдырмау мақсатында Мектеп директорының 2022 жылдың 5 мамыр күнгі шығарылған «Ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрықпен ата-аналарды таныстырып өтті.
Мектеп түлектері 9,11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері мен ата-аналарына соңғы қоңырау іс-шарасына жалға машина алу арқылы ауыл, қала ішінде экскурсия өткізуге, түрлі пиротехникалар пайдалануға, мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, басқа да мекемелерде өткізу, педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігіне және педагогтерге кез-келген түрдегі сыйлықтар алуға қатаң тыйым салынды.
Аталған мәселе бойынша шешім:
1. Мектеп директорының 2022 жылдың 5 мамыр күнгі шығарылған «Ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығы назарға алынсын;
2. Мектептегі түрлі іс-шараларға, мерекелік кештерге және оқу жылының аяқталуына байланысты жөндеу жұмыстарына байланысты ақша жинамау туралы шығарылған бұйрығы әр сыныптың ата-аналар түсіндіру сынып жетекшілері мен ата-ана комитетіне жүктелсін.
@bilim_jane_gylym
@zhetysu_bilim
@goronotald_
@rozaserikovna2020
@21_mektep_otenai
@aimagambetov