Біз туралы » Страница 17 » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
📢 Назар аударыңыздар!
07
октябрь
2025
📢 Назар аударыңыздар!
📢 Назар аударыңыздар! 10 қазан 2025 жылы мектебімізде Мектеп президентін сайлау өтеді! Бұл — өз даусыңды білдіріп, мектебіміздің болашағына үлес қосатын маңызды күн! 🔹 Уақыты: 10.10.2025 🔹 Өтетін орны: Мектеп фойесі 🔹 Қатысушылар: 9-10сынып оқушылары Кел, таңдауыңды жаса! Мектеп өміріне өзгеріс әкелетін, белсенді, жауапты көшбасшыны бірге таңдайық! 💪 💫
Мектепшілік қауіпсіздік сабақтары өтті.
06
октябрь
2025
Мектепшілік қауіпсіздік сабақтары өтті.
📢 Мектебімізде әр дүйсенбі сайын қауіпсіздік сабақтары өткізіледі.   Бұл сабақтарда оқушыларға жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек көрсету және басқа да маңызды тақырыптар түсіндіріледі.   Қауіпсіздік – бәрімізге ортақ! ✅
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 📢📢📢 Құрметті ӘРІПТЕСТЕР!
06
октябрь
2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 📢📢📢 Құрметті ӘРІПТЕСТЕР!
ХАБАРЛАНДЫРУ!!! 📢📢📢 Құрметті ӘРІПТЕСТЕР! 🔰Мектебімізде "Шебер ұстаз " жобасы аясында "Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі" өтеді! Бұл шара – шығармашыл ұстаздардың үздік тәжірибесін, жаңа әдіс-тәсілдерін және заманауи педагогикалық идеяларын бөлісетін алаң. 🎯 Мақсаты: Білім беру үдерісін жетілдіру, озық тәжірибелерді насихаттау және педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру. ✅Креативті идеялар мен тың бастамаларға толы жәрмеңкеде кездескенше!
Мектебіміздің мақтанышы!
03
октябрь
2025
Мектебіміздің мақтанышы!
Республикалық «Абай оқулары» конкурсына қатысып БАС ЖҮЛДЕНІ иеленген 3 «а» сынып оқушысы Мұрат Азиз Азаматұлы жетекшісі: Кулдарова Толкын Тутиновна құтты болсын🌹🌹🌹🌹
Мектебіміздің мақтанышы!
03
октябрь
2025
Мектебіміздің мақтанышы!
Мектебіміздің 3 «А» сынып оқушысы Қоблан Арсен Шахмат ойындарының облыстық олимпиадасы 2-11 сынып оқушылары арасында өткен көп деңгейлі балалар мен жасөспірімдердің спорттық іс шарасында жүлделі 2 орынды жеңіп алды. Оқушымызды жетістігімен құтықтай отырып, алдағы додада сәттілік тілейміз🌹🌹🌹
Түнгі рейд
24
май
2025
Түнгі рейд
Назар аударыңыздар!   Алдағы күндері (сенбі, жексенбі) мектеп әкімшілігі, құқық қорғау органдары және білім бөлімі тарапынан түнгі рейдтер жүргізіледі. Оқушыларға түнгі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) көшеде заңды өкілдерсіз жүруге тыйым салынады. Сондай-ақ, қауіпсіздік ережелерін сақтау, жолда абай болу, су айдындарында сақтық шараларын ұстану, ата-анасыз серуенге шықпау талап етіледі. Өз қауіпсіздігіңіз — өз қолыңызда!
"Адал азамат Біртұтас тәрбие бағдарламасы
20
май
2025
"Адал азамат Біртұтас тәрбие бағдарламасы
"Адал азамат Біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде 1-11сынып оқушылары арасында өткен "Таза Қазақстан","Заң және тәртіп"тақырыбында мектепішілік эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Сервис технология колледжі мен Жоғары политехникалық колледжін, мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен қатар 7 түлегіміз сәтті тәмамдап, қос диплом иегері атанды.
11
март
2025
Сервис технология колледжі мен Жоғары политехникалық колледжін,
Сервис технология колледжі мен Жоғары политехникалық колледжін, мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен қатар 7 түлегіміз сәтті тәмамдап, қос диплом иегері атанды. ✨ Қызыл диплом иегерлері: Кенжебекқызы Шұғыла & Величко Екатерина Түлектеріміз: Жанбота Айдынқызы, Сейдахметов Ерасыл, Сәулетжан Жаннұр, Залешова Рабия, Пермяков Максим Сіздерді осы жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Болашақтарыңыз жарқын, армандарыңыз асқақ болсын! Алдағы ҰБТ-да грант иегері атануларыңызға тілектеспіз!  
«Мектеп аруы - 2025»
11
март
2025
«Мектеп аруы - 2025»
«Өтенай ауылындағы МДШО бар №21 орта мектеп» КММ-де 8-9 сынып қыздары арасында «Мектеп аруы - 2025» сұлулық байқауы өткізілді.
Мектеп директорының 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау!
08
март
2025
Мектеп директорының 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау!
Құрметті нәзік жандылар қауымы, ардақты аналар, асыл қыздар! Сіздерді көктемнің ең әдемі де жарқын мерекесі – 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер — отбасының, қоғамның, болашақ ұрпақтың тірегі, жанашыры, тәрбиесі мен білімінің бастауысыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, қуаныш, сәттілік тілеймін. Армандарыңыз орындалып, өмірдің әр сәтінен қуаныш көріп, тек жақсы көңіл-күймен жүріңіздер. Әрбір күндеріңіз сүйіспеншілікке, сұлулыққа және қуанышқа толы болсын!