24
ноябрь
2023
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада


Елімізде алғаш рет ауыл мектептері 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді. Олимпиаданың мақсаты: дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтап, дамыту, халықаралық олимпиадаларға қатысуға ынталандыру болып табылады. Олимпиаданың бірінші кезеңі қараша айында өтеді. Мектебімізден олимпиадаға қатысуға ниет білдірген оқушыларға және жетекшілеріне олимпиада ережелері мен мақсат міндеттері жайлы сонымен қатар auyl.daryn.kz сайтына қалай тіркелу керек екендігі жайлы түсіндірілді. Сондай -ақ оқушылардың дайындығын күшейту мақсатында test.kz центр порталына тіркеліп дайындық жүргізу ұсынылды