14
июнь
2022
"Тамшыбұлақ" бұлағына саяхат
"Балалар жылына" орай "Бала игілігі үшін" аксиясы аясында "Өтенай ауылындағы МДШО бар №21 орта мектеп" КММ-нің 7-8 сынып оқушылары 14.06.2022 жылы Тамшыбұлақ бұлағына саяхатқа барды. Бұлақтын терен тарихын біліп, жақсы көңілді күймен қайтты
Тамшыбұлақ бұлағы – Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан, тастан қаланып салынған ескі зираттардың астын үңгіп, тас қабырғаларды жарып шығып, тамшылардан құралып ағып жатқан қасиетті бұлақ. Бұл бұлақтың мөлдір суын жергілікті тұрғындар көне заманнан бері әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек – буын, жүйке аурулары және т.б.) емдеуге қолданған. Тамшыбұлақ табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Бұлақ қойнауы қысы-жазы көк шөптермен көмкеріліп, суықта бұлақ суы қатпай, тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан. Тамшыбұлақтың суы адам денсаулығына шипалы һәм пайдалы екенін ғалымдар да мойындаған.