Ақпарат » Страница 4 » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Халықтар достығы – ұлт байлығы»
29
апрель
2026
«Халықтар достығы – ұлт байлығы»
«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы аясында 1 мамыр – Бірлік күніне орай «Халықтар достығы – ұлт байлығы» тақырыбында 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға Қазақстан халқының бірлігі мен татулығының маңызын түсіндіру, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, достық пен сыйластық құндылықтарын насихаттау болды. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлттар туралы мәліметтермен
ЭФИРДЕН КӨРІНГЕН ЖАС ЖҰЛДЫЗ
28
апрель
2026
ЭФИРДЕН КӨРІНГЕН ЖАС ЖҰЛДЫЗ
Мектебіміздің 4-сынып оқушысы Қасымхан Альнияз «Сәлем, әлем!» телеарнасындағы «Мен елімнің ертеңі» бағдарламасына қатысып, білімге құштар ұрпақтың жарқын үлгісін көрсетті. Жас болса да арманы биік, мақсаты айқын дарынды оқушымыз өз еңбегімен, ізденісімен үлгі болып келеді. Осындай талапты шәкірт тәрбиелеп отырған жетекшісі, Ибрайханова Мақпал Валерианқызына алғыс айтамыз. Дарынды оқушымызға биік белестер мен үлкен жеңістер тілейміз! Біз сенімен мақтанамыз, Альнияз!  
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ – 2026»
28
апрель
2026
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ – 2026»
«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚУШЫСЫ – 2026» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ! 🔰 №21 орта мектеп ең дарынды әрі белсенді оқушыларды анықтайды. 🔷 Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығында бекітілген, байқаулар тізімі негізінде өткізіледі. 🔷 Сонымен қатар, жергілікті Жетісу облысы білім басқармасы, Талдықорған қаласы білім бөлімі ұйымдастырған байқаулардың нәтижелері есепке алынады. 🔹 28.04 – 08.05: Сыныптық іріктеу 🔹 12 – 13.05: Құжат қабылдау 🔹 14 – 15.05: Комиссия шешімі 🔹 20 МАМЫР: МАРАПАТТАУ! Толық ақпарат
«Балалар кітапханасы» жобасы
24
апрель
2026
«Балалар кітапханасы» жобасы
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Ұлттық кітап» күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында ұйымдастырылған онкүндік іс-шаралар аясында №21,22,23,30 мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Ғажайыпқа толы сырлы әлем» тақырыбында ұлағатты ұстаз, қаламгер, ертегіші Жұмабала Балақарановамен кездесу кеші өтті. Кеш мақсаты Жұмабала Балақаранова апайдың шығармашылығымен таныстыру. Оқушыларды ертегілер арқылы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітап оқуды насихаттау .
“Ұлттық кітап“ күні
23
апрель
2026
“Ұлттық кітап“ күні
“Балалар кітапханасы “жобасы аясында “Ұлттық кітап“ күні аясында мектеп кітапханасымен бірлесе “Кітап білім бұлағы” зияткерлік сайысын Қазақ тілі мен әдебиет пәннің ұстаздары Зарина апай және Наркез апай 5 “А”сыныбымен өткізді.  
"ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖЕҢІСІ"
22
апрель
2026
"ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖЕҢІСІ"
Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде мектебіміздің 5-сынып оқушысы Нүсіпжан Ясин ІІ орын иеленді. Жетекшісі – математика пәнінің мұғалімі Мұратов Қуат Мұратұлы. Дарынды оқушымызға алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз! Жарайсың Ясин!  
"ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖЕҢІСІ"
22
апрель
2026
"ЖАС ДАРЫННЫҢ ЖЕҢІСІ"
Республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде 3-сынып оқушысы Бәукен Ұлан ІІ орын иеленді. Жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Нурымхожина Қарлығаш Дауытбаевна. Дарынды оқушымызға алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер тілейміз! Жарайсың Ұлан!
«Анаға құрмет»
06
март
2026
«Анаға құрмет»
💐"8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне" орай мектебімізде «Анаға құрмет» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Кеште оқушылармен қатар ер-азаматтар да өнер көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.  
"8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні"
06
март
2026
"8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні"
Мектебімізде "8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні" ерекше көңіл-күймен аталып өтті. 💐Мереке барысында мектептің ер-азаматтары ару ұстаздар мен қыздарды жылы лебіздерімен құттықтап, ерекше құрметпен қарсы алды. 💐Оқушыларымыз ән айтып, би билеп әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды. 💐Барша нәзік жанды жандарды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қосымша Gооglе Рlау және Аррlе Арр Stоrе платформалары
06
март
2026
Қосымша Gооglе Рlау және Аррlе Арр Stоrе платформалары
Қосымша Gооglе Рlау және Аррlе Арр Stоrе платформаларында қолжетімді. Ойын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан әзірленген. App Store Android