05
март
2026
«Ананың аялы алақаны»
«Ананың аялы алақаны» тақырыбында 1–4 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін насихаттау, шығармашылық қабілеттерін дамыту және отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Көрме барысында оқушылар өз қиялдары арқылы ана мейірімін, аялы алақанның жылуын, отбасы бақыты мен шаттығын бейнелеген шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Әр суреттен балғын жүректің анаға деген шексіз махаббаты мен құрметі айқын көрініс тапты.
Көрме эстетикалық тәрбие берумен қатар, оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал етті.