тік Қалалық тәжірибе алмасу семинары » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №21 с дошкольным
мини-центром Села Отенай
отдела образования по городу Талдыкорган
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Версия для
слабовидящих
» » » Қалалық тәжірибе алмасу семинары
22
апрель
2023

Қалалық тәжірибе алмасу семинары

2023 жылдың 21 сәуір күні мектебімізде қалалық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қолжетімді мақсат» жобасы аясында «Инновациялық бағыттағы қызметтер» тақырыбында жетекші мектеп үйлестірушілерімен қалалық тәжірибе алмасу семинар өтті. Семинарға жалпы орта білім беру ұйымдарының жетекші мектеп үйлестірушілері, бастауыш сынып, физика және тарих пәні мұғалімдері қатысты.Семинардың мақсаты: Бірлескен жұмыстар нәтижесіндегі тиімді инновациялық технологияларды қолдану іс-тәжірибесімен бөлісу, пікір алмасу. Семинарда №21 орта мектебінің жетекші мектеп үйлестірушісі Ж. Серикова, №22 орта мектебінің серіктес мектеп үйлестірушісі А.Садбаева, №21 ОМ мұғалімдері М.Баракова, Г.Касенова өз іс-тәжірибелерімен бөлісті және №22 ОМ физика пәні мұғалімі М.Құдайбергенов №23 ОМ мұғалімі Е.Шопатаев ,№21 ОМ бастауыш сынып мұғалімі С.Будянская ашық сабақтар көрсетті.Семинар https://padlet.com/barakovamariya1/padlet-mcv8567edy885end платформасында кері байланыс беру арқылы қорытындылады.