"Жаңашыл жетекші - 2024"
2024жылы 17 қыркүйек күні өткен "Лучший сынып жетекші-2024" байқауының қалалық кезеңіне мектебіміздің тәжірибелі, білікті ұстазы, 8 "В" сынып жетекшісі Муратова Нағима Мұратқызы қатысып, "Жаңашыл жетекші" номинациясымен марапатталды. Ізденісі мен шығармашылық қызметін шебер көрсете білген ұстазымызға мектеп директоры Ердос Ғайниұлы: "Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын" деп тілегін білдірді.