тік "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты қала психологтарының семинары » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №21 с дошкольным
мини-центром Села Отенай
отдела образования по городу Талдыкорган
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Версия для
слабовидящих
» » » "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты қала психологтарының семинары
28
март
2022

"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты қала психологтарының семинары

17 наурыз күні мектебімізде 21,23,27 мектеп психологтарының және Талдықорған қаласының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Тасжурекова Айгуль Тлеуовна ұйымдастыруымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты қала психологтарының семинары өтті. Семинардың мақсаты: Мектепте зорлық-зомбылық, қатыгездік жағдайларын азайту жолдары және оқушыларға қауіпсіз орта құру қызметін арттыру, тиімді жолдарын қолдану, іс-тәжірибемен бөлісу.
Күтілетін нәтиже: қатысушылар тиімді кері байланыс түрлерін менгеріп, өз іс-тәжірибелеріне өзгеріс енгізіп, қолдану.
Алғы сөзді 27 орта мектеп- гимназиясының психологы Жексинбинова Жулдыз ашып, өзінің іс-тәжірибесінде қолданып жүрген " Тыныс алу жаттығулары тыныштықты табудың құралы ретінде" атты тренингімен бөлісті. Келесі сөзді мектебіміздің психологы Расиова Гульден Максутовна алып " Зорлық-зомбылықтың алдын алу және соған орай әрекет ету" тақырыбында өзінің іс- тәжірибесімен бөлісті.
Мектебіміздің психологы Дубекова Мөлдір Бейбітқызы "Анықталған зорлық -зомбылық көрген оқушылармен АРТ терапия жұмыстары" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
№ 27 орта мектеп-гиназиясының
педагог-психологі
Шаймерденова Асем Максутхановна «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың баланың психо-эмоционалды дамуына әсері» атты іс-тәжірибесін көрсетті.
«Мектептегі зорлық -зомбылық түрлері, алдын-алу жолдары" атты тақырында "Мойнақ ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар 23 орта мектеп"КММ педагог психологы Қайрханқызы Ұлжан өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинардың соңында № 27 орта мектеп-гимназиясының
педагог-психологі
Жексенбинова Жулдыз
"Табиғат мінезі» жаттығуымен аяқтады. Қала психологтары падлет тақтасында кері байланыс беріп, өз әсерлерімен бөлісті.
#gorono_tdk








"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты қала психологтарының семинары