тік 2021-2022 оқу жылы Жас мамандармен жұмыс » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №21 с дошкольным
мини-центром Села Отенай
отдела образования по городу Талдыкорган
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Версия для
слабовидящих
» » » 2021-2022 оқу жылы Жас мамандармен жұмыс
14
март
2022

2021-2022 оқу жылы Жас мамандармен жұмыс

2022 жылдың 26 қаңтар күні «Өтенай ауылындағы МДШО бар №21 орта мектеп» КММ-де мектеп директоры Маликова Кулбакыт Уметалиевнаның ұйымдастырумен мектептегі жас мамандармен «Сұрақтың күші неде?» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг мақсаты: Сұрақты дұрыс қою арқылы педагогтардың сыни ойлау дағдыларын дамыту. Коучинг барысында «Өмірлік миссияң қандай?» сұрағы бойынша жас мамандармен пікір алмасу болды. «Барыңды бағала» атты бейнефильм көрсетіліп, бейнефильм желісі бойынша жас мамандар өзара сұрақ-жауаптарымен алмасты. Коучинг соңында жас мамандар өз ата-аналарына хат жолдады. Рефлексия кезінде: Бүгін мен коучингте не істедім? Менің әрекетімде не сәтті болды? Сәтті болу себебі? Менің әрекетімде не сәтсіз болды? Сәтсіз болу себебі? Болашақта нені өзгертер едім? Қалай өзгертер едім? сұрақтары арқылы жас мамандар өткізілген коучинг бойынша өз ойларымен бөлісті.Жас мамандармен сұхбат