29
май
2023
"Идеядан - нәтижеге жол" әдістемелік фестиваль
Әдістемелік фестивальдің мақсаты: Оқу-тәрбие процесінің жылдық нәтижелері, педагогикалық ұжымның әдістемелік жұмыстарын талдау, кәсіби педагогикалық шығармашылықты ынталандыру. 3 кезеңнен тұратын әдістемелік фестивальге мектептегі пән бірлестіктері қатысып, өздерінің жыл бойы атқарған жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Лучший нәтиже көрсеткен пән бірлестіктері марапатталды. 1 орынды МИФ әдістеме бірлестігі, 2 орынды жаратылыстану, эстетика пәндері әдістеме бірлестігі, 3 орынды қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәндері әдістеме бірлестігі алды. Сонымен қатар, қатысушылар "Ең үздік портфолио", "Ең үздік таныстырылым", "Ең ұйымшыл", "Ең шығармашыл" номинацияларымен марапатталды.