тік Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау конкурсы » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №21 с дошкольным
мини-центром Села Отенай
отдела образования по городу Талдыкорган
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Версия для
слабовидящих
» » Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау конкурсы
05
март
2022

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау конкурсы

2022 жылдың 5 наурыз күні «Коммунальное государственное учреждение Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің " мини-центром Села Отенай шағын орталығы бар № 21 орта мектеп« КММ-сі Enbek.kz электрондық еңбек биржасына „Математика“ пәні мұғалімдері декреттік демалысқа шығуына байланысты уақытша бос лауазымына конкурс жарияланды. Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Конкурсқа қатысушы педагогтер назарына:уақытша бос лауазымға тағайындау қағидалары жоғарыда аталған бұйрықтың 10-11 қосымшалары негізінде қарастырылады. Конкурстың өту уақыты: 09.03.2022 жыл сағат: 10:00. Қажетті қосымшаны көрсетілген сілтеме бойынша алуларыңызға болады
 ​https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495​​​
1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындауға конкурс өткізу тәртібі
106. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
107. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
108. Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
109. Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
111. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагогикалық әдеп нормаларын бұзу туралы мәліметтер анықталған жағдайда, педагог конкурстың кез келген кезеңінде шеттетіледі.
113. Конкурстық комиссия кандидаттар құжаттарының біліктілік талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша, сондай-ақ осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырады.
114. Конкурс қорытындылары бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балл негізінде қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер Комиссияның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорыту, наградалары туралы кез келген құжатпен расталған ақпаратты, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсына алады.

Құжаттар 040002, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы Тұнғатов улица18 үй, «Коммунальное государственное учреждение Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«мини-центром Села Отенай шағын орталығы бар № 21 орта мектеп» Управления образования Алматинской области, қабылдау бөлімі, мекен-жайы бойынша хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс, э/мекенжайы: ch21@inbox.ru Анықтамалар үшін телефон: 8 (728) 22-94-62