Баймырзаев Ердос Ғайниұлы » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Баймырзаев Ердос Ғайниұлы
19
март
2024

Баймырзаев Ердос Ғайниұлы

Мен, Баймырзаев Ердос Ғайниұлы 1986 жылы 03 желтоқсанда Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласында дүниеге келдім. 1993 жылы Көктал Арасан атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа бардым. 2003 жылы Әулиеғаш атындағы орта мектебінен 11 сыныпты аяқтадым. 2003 – 2007 жылдар аралығы  Жаркент қаласында Жаркент педагогикалық колледжінің ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығын аяқтадым.                            2007 -2010 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығын оқыдым. 2010 жылы Панфилов ауданы Әулиеағаш атындағы орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдандым. 2016-2019 Панфилов ауданы Головацкий атындағы орта мектебінде директордың                    әдістеме - ісі жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқардым.  2019 - 2022 жылдары Алматы облысы білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығында әдіскер болып жұмыс жасадым. 2022-2023 жылдары Жетісу облысы әдістемелік орталығында әдіскер қызметін атқардым. 2023 жылдың 6 қарашасынан бастап 2024 жылдың 20 ақпанына дейін Жетісу облысы білім басқармасының «Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Кешкі (ауысымды) мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқардым.  2024 жылдың 20 ақпанынана бастап Жетісу облысы білім басқармасының «Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарудамын.