Ауған соғысы ардагерімен кездесу » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысы ардагерімен кездесу
12
февраль
2021

Ауған соғысы ардагерімен кездесу

2021 жылдың 12 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай  Ауған соғысы ардагерімен кездесу өтті. 

Бұл іс-шараның мақсаты : оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беріп, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу және оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Кездесуге мектебіміздің құрметті қонағы болып келген Ауғанстан соғысының ардагері Данабеков Ержан Сүлейменұлы және Өтенай ауылдық округінің әкімі Әбішев Жаннұр Муратович арнайы шақырылды.  Мектебіміз жыл сайын ауған соғысына қатысқан ардагерлермен кездесу кешін өткізеді.

 Бүгінде кеште жауынгерлерді еске алып,  сол сұрапыл соғыста бастан кешкен оқиғалары тыңдалады. Кеште сөз алған Ержан Сүлейменұлы Өз борыштарын адал атқарған ауған соғысы ардагерлерінің есімін жас ұрпаққа жеткізу, тарихтан әділетті орын беру бүгінгі күннің маңызды мәселесі деп айтып өтті. Бейбітшілік үшін күрескен ағалардың ерлігін сақтау, оларды үлгі-өнеге тұту - әрбір қазақ азаматының борышы. "Жас ұрпақ бұдан үлгі-өнеге алуы керек"- деп шараның мәні мен маңызына кеңірек тоқталды. Ауған соғысының ардагері сол сұрапыл соғыстағы ауыртпалықтарды айта отырып, оқушыларды бейбіт күннің парқын біліп, қастерлеуге шақырды. Ардагерге оқушылар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ кеш қонақтарына мектеп өнерпазы 5 «а» сынып оқушысы  Қанатұлы Ердос ән мен жырдан шашу шашты. Кездесу соңында  оқушылар өз  тілектерін   білдірді.