"Наурыз - береке бастауы" мерекелік кеш » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Наурыз - береке бастауы" мерекелік кеш
24
март
2022

"Наурыз - береке бастауы" мерекелік кеш

"Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар #21 орта мектеп" КММ-де 21 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы өте жоғары деңгейде аталып өтті.Мақсаты: қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
"Наурыз - береке бастауы" атты мерекелік концерттік кешімізге қонақ болып: "Өтенай ауылдық округінің әкімі Ж.Абишев, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сулейменов Беделбек атамызбен "Аталар-әжелер" ансамбльінің төрағасы Гулшекер апамыз шақырылды.
"БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА" орай "асфальтте сурет салу" байқауы, "1001 мақал,101 жұмбақ"сайысы, "Қазақтың ұлттық ойындары" жарысы, "Көркем өлең оқу" сайыстары өтіп, оқушыларымыз І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен алғыс хаттармен марапатталды. Бастауыш сынып оқушылары "Теремок" ертегісі ағылшын тілінде қойылды.Наурызға байланысты үлкен көрме ұйымдастырылды.
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
#gorono_tdk
#жасұлан
#жасқыран























[sub][/sub]