Қамқоршылық кеңесі » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесі
14
март
2018

Қамқоршылық кеңесі

«Өтенай ауылындағы шағын орталығы бар  №21 орта мектеп» КММ
Қамқоршылық кеңесінің  жұмысы туралы ақпарат
2017 -2018 оқу жылының  28 қыркүйекте  жалпы  ата- аналар жиналысында  Қамқоршылық кеңес құрылды.Құрамына 9 адам алынып, кеңес төрайымы  болып  А.М.Ибрагимова  тағайындалып ,қалған 8 адам мүшесі болып тағайындалды:
       С.К.Құрманбаев –кеңес мүшесі
       А.Б.Нуржанов-кеңес мүшесі
       Б.Д.Бейсембаев –кеңес мүшесі
       С.Б. Омарова-кеңес мүшесі
       Ж.С.Утеева- кеңес мүшесі
       Ж.К. Маукенбаева –кеңес мүшесі
       Е.Е. Жақсыбаев –кеңес мүшесі
       Г.С.Жумабаева-кеңес хатшысы
    Қамқоршылық кеңес мүшелері білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырылды.
   Қамқоршылық кеңестің ережесі, құқықтары мен міндеттері  кеңес мүшелеріне таныстырылып өтті, ата-аналардың еріктілік бірлестігі болып табылатындығы туралы айтылды.
Сонымен қатар 2018 жылдың 12 ақпанында алғашқы отырыс болды.Кеңес отырысының 1 мәселесі бойынша мектеп директоры   Н.Слямова қамқорлық кеңесінің  өтілуі туралы баяндап берді.2018 жылғы 9 қаңтардағы №3-18/55 хатын , Алматы облысының білім басқармасының 15.01.2018 жылғы №29-Н бұйрығы,қалалық  білім бөлімінің 19.01.2018 жылғы №58  бұйрықтары және мектепішілік № 24 бұйрығы  бойынша іс-шара жасалынып, жұмыстар ұйымдастырылған.
  10 қаңтар -10 ақпан аралығында мектепте «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізілді. Ақция «Жақсылық жасауға асығайық» ұранымен өтті. Айлықтың маңызы жөнінде мұғалімдермен жиын өткізіліп, айлық өткізу шаралары бекітілді.Мектепте «Қайырымдылық –қадірлі қасиет» тақырыптарында бұрыштар ұйымдастырылды. Акцияда мектеп оқушылары «Жәрменке» өткізіп түскен қаражатқа аз қамтылған обасы балаларына заттай көмек (оқу құралдары) көрсетілгенің баяндады.Алайда бұл тек  оқушылар арасында өткізілген  жәрменке есебінен көрсетілгенің айтты,бірақ ата-ана мен демеушілер тарапынан көмек көрсетілмегенің айтып өтті.
     Әр түрлі мәселелер бойынша кеңес төрайымы Ибрагимова А.М. ағымдағы жылы мектептің материалдық базасын кеңейту және оқушылардың білім алуына жағдай жасау мақсатында алдағы күндері қамқоршылық кеңесі  тарапынан демеушілер тартылып,көмек көрсетуге қол созатының айтып өтті.


   
  Сондай- ақ қамқоршылық кеңес төрайымы А.Ибрагимова мектептік қоғамдық жұмыстарын қадағалай мақсатында оқушылармен кездесуге келді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаеттың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында оқушылармен ашық әңгіме өткізіп,оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.  
 
 

 

Қамқоршылық кеңесі

 

Қамқоршылық кеңесі

 

Қамқоршылық кеңесі

 

Мектеп директоры                           Н.Слямова 


Похожие публикации: