Рухы мықты елдің – болашағы зор. /эссе/ » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Рухы мықты елдің – болашағы зор. /эссе/
28
март
2018

Рухы мықты елдің – болашағы зор. /эссе/

Рухы мықты елдің – болашағы зор. /эссе/
    1990 жылдардың бір газетінен оқығаным бар еді: Ресейдің Новосибирск қаласының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы қатты төмендеп кеткендігі туралы. Енді бірде теледидарды қоссам, осы Новосибирск қаласынан өсіп, мектептерінен түлеп ұшқан оншақты айтулы азаматтары бас қосып, туған қалаларының экономикалық жағдайын қалай көтеруге болады деген сұрақтың төңірегінде ақыл қосып отыр екен. Орыс халқын дауға, пікір таласуға қоя бер... Қызыл кеңірдек болып бір сағат қырық минуттан соң бұл адамдардың барлығының пікірі бір арнаға тоғысты. «Новосибирск қаласы халқының рухани-адамгершілік байлығын көтеру керек. Бұл аз қаражат шығарылып, мол нәтиже көрсететін, тығырықтан шығудың бірден-бір жолы» - деді.
    Мені бұл шешім ұзақ ойландырды. Тұрмыстық-әлеуметтік жағдайдың төмендеуін рухани байлық қалайша көтеруі мүмкін.
    Тура сол тоқсаныншы жылдардың бір күнінде өзіміздің Талдықорған қаласының орталық саябағында отырып оқушыларымды күтуге тура келді. Мен отырған орыннан алыс емес қоқыс салатын шелектің орны тұр,- өзі жоқ. Қоқыс жерде шашылып жатыр. Ол сол кездері дюралюминийден жасалынған шелек тәрізді ыдыстар еді. Оны түнделетіп біреулер ұрлап алып, тиын жасауға өткізіп жіберген. Сол жылдары көп қабатты үйлердің дәлізіне түнде кіру қорқынышты, өйткені ол жердің лампочкаларын бұрап алып қойған. Көп қабатты үйлердің есік алдына жайып қойған киім-кешек, кілемдерін қаншама адам ұрлатты. Базардан ақ ұнның бағасына бет жағы ақ, астыңғы жағы қара ұн салынған мөшектер қаншама сатып алдық. Үйір-үйір жылқыны барымталаған жеріміз болмаса, қазақ ұсақ-түйек ұрлап күн көрген халық емес еді –ау. Міне, сол кезде мен жоғарыдағы Новосибирск қаласының азаматтарының «Рухани байлық – ең үлкен байлық» деген сөзінің мағынасын түсіндім.
     Әр адамның көкірегі бай болса ол ұсақ-түйек дүниені пайда көріп әдемі, тазалықтың көзі болып тұрған қоқыс салатын ыдысты ұрламас еді, дәліздің жарық болып тұрғаны өзінің бала-шағасының аман-сау жүргендігінің кепілі екендігін түсінер еді. Ақ ұн мен қара ұнды айырбастап сатып, тапқан малы жұмырығына жұқ болмасын сезінер еді. Біреудің киіп отырған киімі мен кілемін ұрлап  ренішіне қалмас еді. Тіпті, бүгінгі күні Қазақстанды торлаған сыбайлас жемқорлық та болмас еді-ау. Жоғарғы орындарда отырып, көрінген дүниеден қомақты көзақы алып отырған ағаларымыз мына қысқа ғана ғұмырда о дүниеге азын-аулақ ақ матамен кететінін, ол байлықтың баласына өмір бойы дәулет болмасын ойлар еді. Қанағатты ұстану керектігін, жасаған жақсылығын қара басына ғана емес, халқына жасар ма еді. Кім біледі....
      Қазақ халқының қай ғасырда болмасын, қандай зобалаң басына тумасын Рухы мықты болған. Сондықтан да бүгінгі күні жеріміз кең, еліміз бай, рухымыз биік елге айналып отырмыз. Рухымыз бен жан дүниемізді аздыра көрмейік.
Жазған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Б.Б.Төлегенова