Білім беру мазмұнын жаңарту-заман талабы » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Білім беру мазмұнын жаңарту-заман талабы
26
март
2018

Білім беру мазмұнын жаңарту-заман талабы

Білім беру мазмұнын жаңарту-заман талабы
           Елбаcымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Білім және ғылым» қызметкерлерінің съезінде сөйлеген сөзінде: «Бізге тыным таппайтын аралардан гөрі, өзінше ойлай білетін мамандар көбірек керек. Бұл үшін өмір бойына жететін білім алу моделіне көшуге тиіспіз», деген болатын. Білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, іздемпаз, барлық іс – әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұсынып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне eрекше мән берілуде. Қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасының алдына қойған мақсаты бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның жеке тұлғасын білім арқылы дамыту. Соның дәлелі ретінде мектебімізде биылғы оқу жылында жаңартылған бағдарлама бойынша 5-7 сыныптарда жұмыс жасап жүрген білікті ұстаздар Маемерова Ж.Қ , Қалықова Р.Ә, Р.Қ Карыбаеваны атауға болады.  Олардың  білімге қатысты көзқарасы түбегейлі өзгеріп жаңаша ізденуге үлкен құлшыныс пайда болды. Шәкірттерінің жан дүниесіне үңіліп, оңай өзгеретін ортада тез бейімделетін  жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеуде оқытудың  озық үлгілерін шеберлікпен қолдануды мақсаты мен міндеті болып  отыр.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»  деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда ұстаздарға артылыр жүк жеңіл емес екендігі сезіледі.Шәкірттеріне терең де тиянақты білім беруде жаңа инновациялық технологияларды меңгертіп, құзыреттілігін дамытып, өз тәжірибелерінде  шеберлікпен қолдану – барша педагогтардың міндеті.  Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті.
Директодың оқу –әдістемелік жөніндегі
 орынбасары  Р.Қалматаева

Білім беру мазмұнын жаңарту-заман талабы