Назар аударыңыз!!!! БОС ОРЫН » №21 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі
шағын орталығы бар №21 орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 22-80-31
Факс:
+7(7282) 22-80-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Назар аударыңыз!!!! БОС ОРЫН
10
август
2023

Назар аударыңыз!!!! БОС ОРЫН

Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласының білім бөлімі ММ-сі "Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар #21 орта мектеп" КММ -сі ENBEK.KZ электронды биржасына, әлеуметтік желі нысандарына мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін бос лауазымға тағайындауға 2023-2024 оқу жылына төмендегі көрсетілген мамандарды қабылдау конкурсы жүргізілетінін хабарлайды:
1. Бастауыш сынып мұғалімі - 3 бірлік/уақытша ( қазақ сыныптарына).
2.Психолог -1бірлік/уақытша
3.Ағылшын тілі мұғалімі -1 бірлік/уақытша
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке -іс парағы (нақты тұрғылықты мекен- жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4)Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы #ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде #21579 болып тіркелген).
7) психологиялық ұйымынан анықтама;
8) наркологиялық ұйымынан анықтама;
9)Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог -модератордың, педагог-сарапшының педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің, біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Мекен жайы: Өтенай ауылы, Тұнғатов 18
Телефон: 87282229462